Архив

Сентябрь, 2020 г.
В этом месяце найдено  вопросов: 21
1
29.09.2020 | Арай Серикова
Вопрос ректору
Сентябрь айынын степендиясы қай күні түседі осы жерде жауап жаза аласыздар ма?
29.09.2020 | Касенуалиева З.Е., бас бухгалтер
Сәлеметсізбе, Арай Серикова! Степендия туралы барлық сұрақтарды өз факультет деканатыңыздан немесе 24-17-09 телефоны арқылы бухгалтериядан біле аласыз!
2
27.09.2020 | Аноним аноним
Вопрос ректору
Степендия кашан береди за сентябрь? ? Жауап күтем
28.09.2020 | Касенуалиева З.Е., бас бухгалтер
Сәлеметсізбе! Стипендия туралы барлық сұрақтар бойынша өзіңіздің деканатыңыздан немесе 24-14-09 бухгалтерияға хабарласып білі аласыз
3
26.09.2020 | Кенжебекқызы Динара
Вопрос ректору
Сәлеметсіздерме мен 9 сыныптан кейін осы жоғарғы колледжге тусем деген ойым бара еді аудармашы мамандығына. Оған түсуім үшін қандай пәнді тандауым керек? Қандай құжаттар тапсыруым керек?
28.09.2020 | Утепов С.Д., Жоғары колледжінің директоры, тел.540-769
Сәлеметсізбе Динара Кенжебекқызы! Аударма ісіне түсу үшін 9-сыныптан кейін ағылшын тілі және қазақ тілінен емтихан тапсырасыз. Біздің колледжге түсу үшін керекті құжатар: * Жеке куәліктің көшірмесі *Аттестат *Медициналық тексеру (медосмотр)-086У * Фото ¾ - 4 дана * Егу кітапшасынын көшірмесі -063 Сұрақтарыңыз болса 8-777-961-11-12 осы номерге хабарласуыңызға болады.
4
25.09.2020 | Алпысова Құралай
Вопрос ректору
ШҚМУ мемлекеттіктен алынып салды ма? Не себептен ШҚУ деп өзгеріп кетті
28.09.2020 | Раева Д.М.- заңгер-кеңесші, телефон 24-12-79
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы" қаулысымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 304 бұйрығымен "С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті"коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қоғамның құрылтайшысы болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қоғам акцияларының 100% мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саладағы уәкілетті орган болып табылады.
5
25.09.2020 | Раушан Абдрахманова
Вопрос ректору
Салеметсизбе , мен Абдрахманова Раушан. Шымкент каласында Аймактык алеуметтик иновациялык университетинин 4 курс студенти едим. Стандарттау, сертификаттау жане метрология мамандыгы бойынша.Сол университеттин жабылуына,лицензиясынан айрылуына байланысты ВКГУ -га ауысуга болама? Кабылдайсыздарма? Жауап кутемин.
28.09.2020 | Калиева Г.К. - студенттік бөлімінің бастығы. Телефон 540-821
Сәлеметсізбе, Раушан Абдрахманова! Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінде Сіз оқып жатқан мамандық жоқ екенің хабарлаймыз. Басқа мамандыққа ауысу жазғы және қысқы демалыс кезінде мүмкін болады, бірақ оқу жоспарларындағы үлкен айырмашылыққа байланысты сіз төменгі курсқа қабылданасыз. Студенттер бөлімінің бастығы Г.Калиева 8(7232)540827
6
22.09.2020 | Маслов Кузьма Владимирович
Вопрос ректору
Здравствуйте, я хотел бы узнать можно ещё подать документы, или после первого семестра?
29.09.2020 | Калиева Г.К., начальник отдела студенческого делопроизводства, тел.540-821
Уважаемый Кузьма Владимирович! Если речь идет о переводе и восстановлении, то документы принимаются в период летних или зимних каникул (после зимней экзаменационной сессии). Если Вы желаете поступить к нам, то приемная комиссия начнет работу по приему документов с мая 2021 года.
7
21.09.2020 | Шырай Бейсенова
Вопрос ректору
Сәлеметсіз бе мен М.Сапарбаевтің "Парасат"колледжінде ақылы бөлімде оқимын енді менің сұрағым келгені 1семестерден соң грант бөліміндегілердің 1-2 бағасы төмендеп гранттан түссе мен олардың орнына өзімді ұсына аламын ба?(әрине сабағым тек 4пен 5 болып жатса)
08.10.2020 | Мустафина М.О. - «PARASAT» СҚКО тіркеу офисының бастығы, тел. 87778587721
Сәлеметсіз бе, Шырай Бейсенова! Мемлекеттік грант иегері төмен баға алған жағдайда, гранттан шығарылмайды, тек шәкіртақы төленбейді. Егер оқудан өз еркімен шығып немесе шығарылып қалса ғана грант орны босап, сол орынға өзіңізді ұсына аласыз.
8
21.09.2020 | Кербез Тауасарова
Вопрос ректору
Cәлеметсізбе мен қазір ВКГУ- да ФИФИМО факультетинде платныйға өткенмін.1 курс студенті бірінші семестрда оқып жатрмын.Менің сұрағым грантқа өтуге мүмкіндік барма менде.Басқалардан естігенім ВКГУ да платныйдан грантқа ауысуға мұмкіндіктер бар деді.Қандай мүмкіндіктер бар екен, толығырақ жауап күтемін сізден.Естігенім бойынша 1 семестрдан бүкіл сабақтардан 5- ке шығып жатса грантқа ауысуға мүмкіндік бар екен.Бұл рас пa?
21.09.2020 | Өскембай Ә.А., декан факультета истории, филологии и международных отношений. тел. 540-585
Сәлеметсізбе Кербез! Жоғары оқу орны ішінде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған ақылы негізде білім алушыларға бос білім беру гранттарын беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысының 4- тарауымен (өзг. жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін "бакалавр "немесе" магистр "дәрежесі беріле отырып, білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 473 бұйрығы. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі-бос гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша GPA үлгерімінің орташа балы негізінде өткізіледі, Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік беріледі. Ашық конкурс туралы хабарландыру ШҚМУ сайтында, факультет деканаттарында кадрлар даярлау бағыты мен курсы бойынша бос білім беру гранттарының санын көрсете отырып орналастырылады (әр айдың 5 күніне жаңартылады). GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- ("өте жақсы") бағалары бар білім алушылар, одан кейін – А, А- ("өте жақсы") - В+, В, В–, С+ ("жақсы") бағалары бар білім алушылар, одан әрі-оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалары басым құқыққа ие болады. Байқаудың жоғары оқу орны кезеңі факультеттер бойынша өткізіледі, үміткерлердің кандидатураларын факультет Кеңесі қарайды. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) ақылы негізде білім алушы факультет деканатына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға ШҚУ ректорының атына өтініш береді; Өтінішке транскрипт бар құжаттар пакеті; білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; әлеуметтік мәртебесі туралы анықтама (қажет болған жағдайда); 2) факультет кеңесі келіп түскен өтініштер мен білім алушылардың құжаттар пакеттерін қарап, ҚР Білім және ғылым министрлігіне бос білім беру гранттарын беруге ұсыныс жасау үшін университеттің Ғылыми кеңесі мен бақылау кеңесінде одан әрі қарауға үміткерлер ішінен кандидатураларды іріктейді. Жекелеген жағдайларда факультет деканының өтініші негізінде факультет кеңесі білім алушының әлеуметтік жағдайын (жетім, көп балалы отбасы, толық емес отбасы) ескеруі мүмкін, бұл ретте жоғарыда айтылған үміткерлерге қойылатын талаптар сақталуы тиіс; 3) келіп түскен өтініштер Ғылыми кеңестің және Байқау кеңесінің отырысында қаралады; 4) ШҚМУ Ғылыми кеңес пен Байқау кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы жылдың 5 тамызына және 15 қаңтарына дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін ҚР БҒМ-ге бос білім беру гранттарына ауысу үшін үміткерлер тізімін жібереді. Тізімге білім алушының өтінішінің көшірмесі, Ғылыми кеңес пен Бақылау кеңесінің шешімі, білім алушының транскриптінен үзінді, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және ШҚМУ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі. Құжаттар пакетін жинауға және жөнелтуге жауапты БҚЖ болып табылады; 5) ҚР Білім және ғылым министрлігі түскен құжаттарды білім беру бағдарламалары топтары, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде түскен жылын ескере отырып қарайды және оң шешім болған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бос білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламалары тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім); 6) ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде Ұлттық тестілеу орталығы білім беру грантын беру туралы куәлікті ресімдейді және оны ШҚУ-ға 3 жұмыс күні ішінде береді; 9) білім беру грантын беру туралы берілген куәлік негізінде ШҚУ ректоры Білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.
9
16.09.2020 | Беделбек Жанарыс
Вопрос ректору
Сколько баллов нужно для поступления в психологию?
17.09.2020 | Байжуманова Л.Т., ответственный секретарь приемной комиссии, тел.540-812, 87013457689
Здравствуйте, Жанарыс! Для поступления на образовательную программу (специальность) «Психология» необходимо по результатам ЕНТ иметь уровень порогового балла не менее 50-ти. В 2020 году среди поступивших обладателей государственного образовательного гранта за счет средств республиканского бюджета проходной балл на данную специальность составлял 77 баллов.
10
16.09.2020 | Олжас Исагалиулы
Вопрос ректору
Здравствуйте! Хотите ввести внешний и внутренний документооборот в электронном формате? Мы разработали систему «idocs», с помощью которой, вы сможете отправлять все виды документов в электронном варианте. При этом, документы, отправленные через нашу систему, имеют юридическую значимость аналогичную документу на бумажном носителе и не требуют дублирования на бумаге. Главные преимущества работы в системе idocs: - значительное сокращение времени и упрощение процесса отправки документов; - хранение документов в электронном архиве - поиск любого документа за считанные секунды - оптимизация расходов на бумажное делопроизводство и услуги курьера; - интеграция с 1С, SAP; - возможность получения и подписания документа контрагентом без регистрации в системе; и многое другое. Во вложении коммерческое предложение и презентация, для более подробного ознакомления с платформой idocs. Предлагаем вам пройти регистрацию в системе, и использовать все услуги для автоматизации документооборота компании. При возникновении вопросов, пожалуйста, обращайтесь.
16.09.2020 | Ділдебай Балғын, руководитель Центра информационно-технического обеспечения и цифровизации, тел. 87052662188
Здравствуйте Олжас Исагалиулы! Ваше предложение касательно внедрения электронного документооборота принято и будет рассмотрено.
11
14.09.2020 | Кеңесбекова Еркежан Қадырқанқызы
Вопрос ректору
Сәлеметсіз бе?! Менің сұрағым: Сіздерде архивта документ қанша жыл жатады? Оқуымды бітіре алмадым, аттестатымды, алсам болады ма, балаларым өсті, оқу оқып, жұмысқа тұрсам деп едім... 2012 жылдың тамыз айында документ тапсырып, оқуға түскем.
15.09.2020 | Чудобаева А.К., құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы, тел.: 24-14-71
Сәлеметсізбе Еркежан Қадырқанқызы ! Архивте документ (аттестат, диплом) 50 жыл сақталады. Сіз немесе өзіңіз келе алмаған жағдайда, сенімхат жазылған тұлға кез келген уақытта университеттің мұрағатынан (Өскемен қ., Образцовая, 7 көшесі) аттестатыңызды ала аласыз. Ол үшін өзіңіз оқыған Факультет деканатынан кету парағын (обходной лист) алып, ретімен толтырып, жеке куәлігіңізбен университет мұрағатына барасыз. Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/ 24-14-71 немесе 8/72/32/ 77-27-52 телефонына хабарласа аласыз.
12
14.09.2020 | Елеу Талшын Шайдоллақызы
Вопрос ректору
Мен платныйда оқимын маған баска универге платныймен ауысуға болама
15.09.2020 | Калиева Г.К. - студенттік бөлімінің бастығы. Телефон 540-821
Сәлеметсіз бе, Талшын Шайдоллақызы! Сүраққа жауап беру ішін, бәзге сіз туралы толық мәлімет қажет: - университеттің кай бөлімде оқисыз, - білім бағдарламаның атауы, - нешінші курс.
13
13.09.2020 | Аим саля бекова
Вопрос ректору
Окуга логопед документ тапсырсам окысам онлин калай тапсырам озим тарбиеши болып жумыс истеп журмин логопед мамандыгын окысам
14.09.2020 | Куленова Г.Б., педагогика, психология және мәдениет факультетінің деканы
Құрметті Аим Салябекова! Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында барлық ЖОО колледждан кейінгі және екінші жоғарғы білім алу қашықтықтан жүргізіледі. Құжаттарыңызды «Дефектология» мамандығына тапсырған жағдайда, қашықтықтан оқу сайтына, пән атаулары мен сол пәннен дәріс беретін оқытушылар аты-жөні тіркелген. Оқытушылар әр аптаға дәрістер мен тапсырмалар жүктелген. Сол тапсырмаларды уақытылы орындап жүктейсіз және оқытушылармен сол сайтта қарым-қатынас жасай аласыз.
14
09.09.2020 | Баженова Шинар Кажидолдиновна
Вопрос ректору
Я бы хотела поступить заочно в дошкольное отделение вкгу,что нужно мне делать,какие документы потребуются и сумма оплаты какая в год?
09.09.2020 | Байжуманова Л.Т., ответственный секретарь приемной комиссии, тел.540-812
Здравствуйте Шинар Кажидолдиновна! Прием заявлений и документов, а также зачисление в число студентов на 2020-2021 учебный год завершены 25 августа 2020 года.
15
08.09.2020 | Карсыбаева Шолпан Мамийкызы
Вопрос ректору
Салеметсіздерме!сіздерде кітапхана ісі бойынша курс өткізіледі ме? Және қай уақытта?
10.09.2020 | Нуралиева П.К. - Ғылыми кітапханасының директоры, тел.540-421
Құрметті Шолпан Мамийқызы! Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасында «Кітапхана ісі» бойынша курс өткізіледі. Курсқа қатысу үшін сұранысты Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 мекен жайында орналасқан Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығына, мына электрондық адреске CPK@mail.ru (8(7232)252-284) жолдауыңызды өтінеміз. Курстың уақыты қатысушылардың жиналуына байланысты белгіленеді. Сауалыңызға рахмет!
16
07.09.2020 | Еркежан Серікқызы
Вопрос ректору
Сəлеметсізбе.Менің қойғым келген сұрағым жатақхана жайында еді.Сіздерде жағдайы келмейтін көп балалы отбасыларға жатақхана тегін беріледіма?Өзім платныйда оқимын оқуымның ақшасын өзім табамын сол себепті жатақхана тегін берілсе деп ойлап едім.Жəне жатақханаға қалай тіркелсек болады?
09.09.2020 | Абдрасулин Р.О. - тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы, тел.: 540-708
Сәлеметсізбе Еркежан Серікқызы. Студенттер үйіне орналасу үшін vkgu.kz ресми сайтында орналасқан Жатаханаға Online өтініш беру арқылы тіркеуден өтуіңізді сұраймыз. Студенттер үйінде тегін тұру мәселесі арнайы құрылған әлеуметтік-тұрмыстық комиссия мүшелерімен қарастырылатын болады. Құжаттарыңызды (өтініш, көп балалы отбасынан екеніңізді растайтын анықтама, жеке куәлік көшірмесін) №1 оқу ғимаратының 239 кабинетіне тапсыруыңызды сұраймыз. Сұрақтар бойынша 8 7232 540 708 нөмеріне тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөліміне хабарласыңыз.
17
03.09.2020 | Мұратбек Салтанат
Вопрос ректору
Трейнер мамандықтары барма ол үшін қай пән талдау керек жалпы грант балы неше?
04.09.2020 | Байжұманова Л.Т., қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, тел.540-812
Сәлеметсіз бе, Салтанат! Барлық оқуға қабылдау кезеңдері аяқталды. Келесі жылға ақпарат алу үшін 540-144 телефонан хабарласуыңызға кеңес береміз. Тренер яғни жаттықтиырушы мамандығына иегер болу үшін дене мәдениеті және спорт мамандығын таңдау қажет. Биыл грантқа түскендердің ең төмен баллы 102 құрады.
18
03.09.2020 | Токанова Жанерке Дархановна
Вопрос ректору
Сәлеметсіз бе. Мен ТжКБ негізінде 2 курста оқып жатқан едім. Енді жеке отбасылық жағдайға байланысты сырттай бөлімге ауыссам деп едім. Қалай ауысуға болады?
04.09.2020 | Өскембай Ә.А., декан факультета истории, филологии и международных отношений. тел. 540-585
Сәлеметсізбе Жанерке, сіз енді студенттердің қысқы демалысы кезінде ғана қашықтықтан білім беру технологиясы қолданылатын күндізгі оқу түріне ауыса аласыз. Себебі, студенттерді ауыстыру мерзімі өтіп кетті. 2021 жылдың 5-15 қаңтары аралығында ауысу туралы өтініш жазуыңызға болады. Ауысу уақытын нақтылау үшін міндетті түрде тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетіне 540-585 телефоны арқылы хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды растайтын құжат және транскрипт болуы қажет. Транскрипті «Парасат» студенттерге қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
19
01.09.2020 | Арай Русланова
Вопрос ректору
Сәлеметсіз бе?! Менің сұрағыма жауап берсеңіздер! Әкім грантынан оқып бітіргеннен кейін магистратураға тура сол жылы түсе алады ма? Әлде бітіргеннен кейін міндетті түрде 3 жыл жұмыс істеп қана магистратураға түсуге болады ма? Әлде бакалаврдан кейін магистратураға түссе 3 жыл жұмыс істемейді ме???? Түсіндіріп жіберсеніздер мені аландататын сұрақ!!! Және қай жерге жұмыс істеуді кім тандайды?!!!!
02.09.2020 | Болатова Ж.Б., маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының бастығы, тел.540-144
Сәлеметсізбе, Арай! Университет мемлекеттік білі беру гранты, оның ішінде ауылдық квота және «Мәңгілік ел жастар – индустрияға» жобасы бойынша оқуды бітірген студенттердің жұмысқа бөлуімен (отработкасымен) айналысады. Әкім грантын өтеу ережелерін білу үшін сізге грант берген тиісті әкімдікке жүгіну қажет. Қосымша сұрақтар бойынша 8 7232 540-144 телефон нөмері бойынша хабарласа аласыз.
20
01.09.2020 | Чернова Светлана Юрьевна
Вопрос ректору
Здравствуйте! Я студентка 4 курса Чернова Светлана Юрьевна, обучающаяся на факультете ФППиК , специальность ФКиС. Пишу Вам от лица своих сокурсников, по поводу вопроса оплаты за обучения. Почему находясь на дистанционном обучении, я должна платить как за очное? Так как моя специальность является творческой и все мои предметы связанны с какой-либо спортивной деятельность, например : футбол, борьба, физическая культура, спортивный массаж и ЛФк, каким образом я должна практиковать это дома, не имея возможности? Мы платим немалые деньги за то, что бы изучать, практиковаться и работать с преподавателями, а не что бы по клавиатуре текст набирать. Почему семинарские и практические занятия творческих специальностей нельзя сделать очным, ведь по-другому изучать эти предметы не возможно!
04.09.2020 | Куленова Г.К., декан факультета педагогики, психологии и культуры, тел,:75-23-64
Здравствуйте Светлана Юрьевна! Учеба для студентов 2-4 курсов начинается 1 сентября. 21 августа 2020 года факультет ППиК провел онлайн-встречу для своих студентов с целью разъяснения приказа Министра образования и науки Республики Казахстан «Об организации дистанционного обучения по педагогическим, гуманитарным, социальным и IT направлениям». Однако Вас на этой встрече не было. Несмотря на дистанционное обучение, Вы получаете полный курс дисциплин, предусмотренных рабочим учебным планом для 4 курса, поэтому обучение оплачивается полностью. Что касается практических занятий по отдельным дисциплинам, таким как «Волейбол», «Футбол», «Борьба», то на данном этапе обучения вы изучаете методику преподавания, а не практические действия спортсменов. Эти дисциплины так же содержат все практические задания, потому что, мы полагаем, всё-таки через определенное время все студенты будут обучаться в традиционном режиме. В целом, сам объём учебного курса также не меняется. Университет продолжает свою работу по предоставлению образовательных услуг в полном объеме. При этом на период ЧП, карантина, переходе на дистанционное обучение затраты по заработной плате, налогам, коммунальным платежам, расходы на приобретение учебно-методической литературы и основных средств не уменьшились.
21
01.09.2020 | Сахитжан Ақбота
Вопрос ректору
ТӨЛЕГЕН МҰХТАР ӘДІЛБЕКҰЛЫ! Сәлеметсіз бе? «Специальности 5В072800 – Технология перерабатывающих производств»- осы мамандықта Шет елдерге грантта оқуға мүмкіндік болады ма? Технологтарға мүмкіндік аз екен, бірақ мобильностьпен барып оқығымыз келеді қатты. Шет елдің университеттерімен келісім жасау ойыңызда барма осы мамандықта? Оқып, ескергеніңізге көп рақмет!
01.09.2020 | Мубарак Е.Б. - халықаралық ынтымақтастық және шетел студенттерді тарту бөлімінің бастығы, тел. 24-16-97
Сәлеметсіз бе Ақбота! Жыл сайын біздің университет студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ және университет қаражаты есебінен шетелде білім алады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін сізге сертификатпен расталған В2 ағылшын тілін білу деңгейі қажет (IELTS, TOEFL, DUOLINGO и тд.). 2019-2020 оқу жылында COVID-19 байланысты академиялық ұтқырлық бағдарламалары уақытша тоқтатылды. ШҚУ - да шетелдік жоғары оқу орындарымен 105-тен астам меморандумдар мен келісім шарттар бар. "5В072800 – Өңдеу өндірістерінің технологиясы" мамандығы бойынша Еуропа, Азия және Оңтүстік - Шығыс Азия жоғары оқу орындарымен келісім-шарттар бар. Толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жайға хабарласуыңызды сұраймыз: Қазақстан көшесі 55, №5 оқу ғимараты, 302 кабинет Халықаралық ынтымақтастық және шетел студенттерді тарту бөлімі. Тел.: 8 7232 24 16 97, ватсап: 8 775 669 21 19.